Әзербайжан халқының саны қаншаға жетті

БАКУ. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері Әзербайжан халқының саны 38 049 адамға өскен. 2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 9 936 134 адамды құрады. Бұл жөнінде бейсенбі күні Статистика жөніндегі мемлекеттік комитет мәлім етті, деп хабарлайды Trend агенттігі.

Әзербайжан халқының саны қаншаға жетті

Елде бір шаршы шақырымға 115 адамнан келеді. Халықтың 52,9% қалаларда, 47,1 % ауылдық жерлерде тұрады. Халықтың 49,9% ер адамдар, ал 50,1% - әйелдер.