Әзербайжан халықаралық банкіндегі қайта құрылымдау шаралары еншілес банктерге әсер етпейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әзербайжан халықаралық банкінің валюталық міндеттемелерінің қайта құрылымдалу үрдісі «МБА-Мәскеу» және «МБА-Грузия» еншілес банктеріне әсер етпейді, деп хабарлайды trend.az.

Әзербайжан халықаралық банкіндегі қайта құрылымдау шаралары еншілес банктерге әсер етпейді

«Екі еншілес банктің шетелдік міндеттемелері жоқ және бұл банктер өздері жұмыс істеп жатқан елдің барлық нормативтік реттеу талаптарын сақтауда. «МБА-Мәскеу» және «МБА-Грузия» банктерінің қаржылық көрсеткіштері Ресей мен Грузия Орталық банктерінің барлық талаптарын айтарлықтай жоғары деңгейде жүзеге асыруда. Екі банк те өз клиенттері алдындағы міндеттемелерін адал орындап келеді», - деп түсіндірді Әзербайжан халықаралық банкі.

Әзербайжан халықаралық банкі 1992 жылдан бері жұмыс істеп келеді және елдің ең ірі екі мемлекеттік банкінің бірі саналады. «МБА-Мәскеу» банкі 2002 жылы құрылса, «МБА-Грузия» банкінің негізі 2006 жылы қаланды.