Әзербайжан Қазақстаннан ұшатын ең танымал әуе бағыттарының «ондығына» кірді

АСТАНА. KAZINFORM – Әзірбайжан Қазақстаннан ең көп рейс жасайтын он елдің қатарына кірді, деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ ақпарат агенттігі. 

Ұшақ Әзербайжан
Фото: АЗЕРТАДЖ

Агенттіктің қазақстандық БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлауынша, Азаматтық авиация комитетінің мәліметіне сәйкес, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасынан 32 елге аптасына 778 рейс жиілігімен 132 бағыт бойынша тұрақты халықаралық рейстер орындалуда.

Ең танымал 10 бағыт қатарына Түркия, Ресей, БАӘ, Грузия, Мысыр, Қытай, Өзбекстан, Әзербайжан, Үндістан және Германия кірді.