Әзербайжан коронавирусқа қарсы тағы 5 млн вакцина алды

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат - Әзербайжанға коронавирусқа қарсы тағы 5 млн вакцина жеткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы ӘР денсаулық сақтау бойынша парламенттік комитетінің төрағасы Ахлиман Амирсланов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әр адам вакцинация маңызы туралы хабардарлықты көтеруге белсенді қатысуы керек. Қазір 40 жастан асқан азаматтар екпе алуда. 40 жастан кіші азаматтарды вакциналау жақын арада басталады», - деді А. Амирсланов парламент отырысында.

Сондай-ақ ел парламентінде вакцинацияны міндетті ету ұсынысы айтылды.

Бұдан бөлек, Әзербайжан Сыртқы істер министрлігінің мәліметіне сәйкес, елдің Денсаулық сақтау министрлігінде Қытаймен келісімге қол қою шарасы өтті. Оған сәйкес, Қытай Әзербайжанға 150 мың доза вакцинаны тегін жібереді.

Жалпы бүгінгі күні Әзербайжан азаматтары COVID-19-дан 1,4 доза вакцина алды, бұл – халықтың 14%. Бірінші дозасын 1 миллион адам алса, екінші компонентін 500 мың әзербайжандық ектірді.

Еске сала кетейік, Әзербайжанда вакциналау 18 қаңтарда басталды. Әзербайжан – түрлі өндірістегі вакциналарды алуға мүмкіндік беретін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының COVAX бағдарламасының мүшесі. Елде 1 шілдеге дейін өзгеше карантиндік режим орнатылған.


Соңғы жаңалықтар