Әзербайжан манаты құбылмалы бағамға көшті

БАКУ. ҚазАқпарат - Әзербайжанның орталық банкі бүгінгі валюта аукционында шетел валютасын сатудың жаңа ережесін енгізеді.

Әзербайжан манаты құбылмалы бағамға көшті

Сатып алу және сату үшін айырбастау бағамын анықтау кезінде коммерциялық банктерге бұған дейн белгіленген 4 пайызды маржа алынып тасталынады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Жаңа ережеге сәйкес, Әзербайжанның орталық банкі аптасына үш рет - дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері өтетін аукционға қойылатын валютаның көлемін алдын ала жариялайды.

Сатылым «ең үздік ұсыныс жасаған банк» қағидасы бойынша жүзеге асады.