Әзербайжан мен Армения бір-бірін оқ атты деп айыптады

Стрелок, военный, стрельба, снайпер, перестрелка, конфликт
Фото: t.me/mil_armenia

АСТАНА. KAZINFORM – Әзербайжан мен Армения шартты шекара учаскелерінде бір-бірінің позицияларын атқылағанын мәлімдеді. 

Әзербайжан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, қарулы күштердің Нахчыван бағытындағы позицияларына оқ жаудырылды.

«1 сәуір күні сағат 22:00-ден 22:20-ға дейін Армения қарулы күштерінің Дэвэли ауданының Араздейен және Гаракильсе ауданының Сайбалы елді мекендері бағытындағы бөлімшелері позицияларынан Әзербайжан армиясының Садарак ауданындағы Гейдарабад және Нахчыван автономиялық республикасы Шахбуз ауданының Биченек елді мекендері бағытында оқ атылды», - делінген хабарламада.

Армения тарапы Әзербайжан Қорғаныс министрлігінің хабарларын жоққа шығарды.

«Әзербайжан Қорғаныс министрлігінің 1 сәуір күні сағат 22:00-ден 22:10-ға дейін Армения қарулы күштерінің бөлімшелері шекаралық аймақтың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан Әзербайжан позицияларына оқ жаудырды деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

Сонымен бірге, Әзербайжан Қарулы Күштерінің бөлімшелері 1 сәуірде сағат 22:00-де Кут ауылы (Гегаркуник облысы) ауданында және 2 сәуірде сағат 00:40-та Тех ауылы (Сюник облысы) ауданында армян позицияларына оқ жаудырғанын хабарлаймыз», - делінген Армения ҚМ мәлімдемесінде.

Еске сала кетсек, 31 наурызда Әзербайжан Қорғаныс министрлігі шұғыл хабарлама таратып, онда Армения-Әзербайжан шартты шекарасының әртүрлі бағыттарында әскери белсенділіктің артқаны туралы шұғыл хабарлама таратты. Хабарламада Армения тарапы артиллериялық жүйелер мен басқа да шабуыл қарулары үшін темірбетон бекіністерін орнатып жатқаны атап өтілді.

Бұған дейін 17 ақпанда Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен Армения премьер-министрі Никол Пашинян Мюнхенде өткен кездесуде екі ел арасындағы бейбіт келісім бойынша жұмысты жалғастыруға келісті.

Соңғы жаңалықтар