Әзербайжан мен Армения шекарадағы делимитациялау жұмыстарын жүргізу тәртібін келісті

АСТАНА. KAZINFORM – Шекараны делимитациялау комиссияларының 11-ші отырысының қорытындысы бойынша Армения мен Әзербайжан алдағы межелеу жұмыстарын жүргізу үшін мемлекетаралық шекара учаскелерінің тәртібін келісті. Бұл туралы Армения Сыртқы істер министрлігі хабарлайды.

Баку и Ереван Азербайджан Армения
Фото: Report.az

16 қаңтарда Армения мен Әзербайжан шекарасында шекараны делимитациялау комиссияларының басшылары Армения премьер-министрінің орынбасары Мгер Григорян мен Әзербайжан премьер-министрінің орынбасары Шахин Мұстафаевтың кездесуі өтті. Армения СІМ хабарлағандай, тараптар мемлекетаралық шекараның солтүстік бөлігінде делимитациялауды бастау туралы келісімге келді.

— Тараптар одан әрі делимитациялау жұмыстарын жүргізу үшін шекара сызығының учаскелерінің/бөліктерінің тәртібі туралы мәселе бойынша пікір алмасуды жалғастырды және мемлекеттік шекараны солтүстік учаске — Армения Республикасы, Әзербайжан Республикасы және Грузия шекараларының түйіскен жерінен және одан әрі оңтүстік бағытта — солтүстіктен оңтүстікке қарай, Армения Республикасы мен Әзербайжан Республикасының Иран Ислам Республикасымен шекарасына дейін делимитациялау бойынша жұмыстар кешенін бастау туралы келісімге келді, — делінген Армения СІМ кездесу қорытындысы бойынша мәлімдемесінде. 

Тараптар сондай-ақ делимитациялау жұмыстарын жүргізу тәртібі бойынша тиісті нұсқаулықтардың жобаларын талқылап, жұмыс тәртібінде келесі отырыстың күні мен орнын белгілеуге келісті. 

Армения мен Әзербайжан арасындағы шекара межеленбеген. 2022 жылы тараптар екі елдің премьер-министрлері орынбасарларының төрағалығымен шекараны демаркациялау мәселелері бойынша комиссиялар құрды.

2024 жылғы 19 сәуірде Армения Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы шекараны делимитациялау мәселелері бойынша елдер комиссияларының сегізінші отырысы өтті. 23 сәуірде Армения мен Әзербайжан шекарасында алғашқы шекара бағаны орнатылды

2024 жылғы 23 қазанда Армения Әзербайжанмен шекараны делимитациялау жөніндегі комиссиялардың бірлескен қызметі туралы ережені ратификациялады.

Соңғы жаңалықтар