Әзербайжан мен Армения тұтқын алмасты

  Армения мен Әзербайжан тұтқын алмасты
Фото: azertag.az

Армения мен Әзербайжан шекарасындағы Газах ауданында екі ел өкілдері әскер алмасты. Бұны Әзербайжанның әскери тұқындар, кепілге алынғандар мен із-түзсіз жоғалғандар жөніндегі Мемлекеттік комиссиясы растады, деп хабарлайды Kazinform.

Екіжақты келісім аясында Әзербайжан тұтқындалған 32 армян сарбазын босатты. Олардың 26-сы 2020 жылдың желтоқсанында Гадрут ауданында ұсталған болатын, қалған 6-уы шекарада әртүрлі уақытта қолға түскен.

Армения тарапы екі әзербайжандық сарбаз Гусейн Ахундов пен Агшин Бабировты босатты.

Әзербайжандық БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, тұтқын алмасу ешқандай тосын әоекетсіз өтті және екі тарап та қажетті хаттама талаптарын мүлтіксіз орындады. Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің өкілдері тұтқындағы сарбаздардың денсаулығы мен жалпы жағдайын бағалады.

Әскериі қызметшілер Агшин Бабиров пен Гусейн Ахундов 9 сәуір күні Нахчыван Автономиялы Республикасында Армениямен шартты шекарада күн бұзылып, айналадағы көріністің қиындауына байланысты із-түзсіз жоғалып кеткен болатын.

8 мамыр күні армян соты Агшин Бабировты 11 жыл 6 айға бас остандығынан айырды. Кейінірек, 21 маусымда Гусейн Ахундов 20 жыға сотталды, деп хабарлады әзербайжандық media.az порталы.

Желтоқсан айының басында Әзербайжан президентінің Әкімшілігі мен Армения Премьер-Министрінің Аппараты бірлескен мәлімдеме жасады.

«Гуманизм ұстанымдары негізінде Әзербайжан Республикасы 32 армян әскери қызметшісін ал Армян Республикасы екі әзербайжан сарбазын босатады»,-делінген мәлімдемеде.

Жалпы алғанда бірлесіп жасалған құжат негізінде Баку мен Ереван өзара қарым-қатынасты реттеп, бейбіт келісімге келгендерін растады.

Соңғы жаңалықтар