Әзербайжан мен Қазақстан энергетика және көлік саласындағы ынтымақтастықты талқылайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 21-22 қыркүйекте үкіметаралық қазақстан-әзербайжан экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссияның 13-інші отырысы өтеді, делінген Қазақстанның Бакудегі елшілігінің хабарламасында.

Әзербайжан мен Қазақстан энергетика және көлік саласындағы ынтымақтастықты талқылайды

Әзербайжандық делегацияны үкіметаралық комиссияның тең төрағасы -энергетика министрі Натиг Алиев басқарады, деп хабарлайды Trend.

 «Тараптар энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстардың, транзит және көліктік жүйе, ауыл шаруашылығы, білім және туризмнің кең ауқымды мәселелерін талқылауға ниетті.   

Отырыс қорытындысы бойынша хаттамаға қол қойылады. Үкіметаралық комиссия 2017 жылы Бакуде өтеді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда азербайжандық капиталдың қатысуымен 700 компания жұмыс істеуде.

Әзербайжанда қазақстандық капиталдың қатысуымен 60 фирма тіркелген.