Әзербайжан мен Моңғолия мемлекеттік қызмет көрсетудің қазақстандық тәжірибесімен танысты

АЛМАТЫ. KAZINFORM – «Digital Almaty 2025» халықаралық цифрлық форум аясында Әзербайжан және Моңғолия республикасының делегациялары Алматыда орналасқан халыққа қызмет көрсету орталықтарының бірінде болды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы
Фото: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы

Әзербайжан және Моңғолия елінен келген қонақтарға халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысы ондағы жаңашылдықтар кеңінен таныстырылды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы
Фото: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы

Құжат қабылдаудан бастап, электронды проактивті көрсетілетін қызметтер, мобильді қосымша арқылы мемлекеттік қызметті онлайн алуға болатын сервистер көрсетілді. Қонақтардың ерекше назарын аударған құжаттама терминалы болды. Оның көмегімен тұрғындар 5 минут ішінде төлқұжат пен жеке куәлікке тапсырыс беріп, түскен суретін таңдап, мемлекеттік баж салығын төлей алады.

Сондай-ақ тәулік бойы жұмыс істейтін кез-келген уақытта дайын құжаттарды алып кетуге болатын постаматтар көрсетілді. Шетелдік қонақтар орталықтағы аймаққа бөлініп қызмет көрсету, жеңілдік терезелері, күту залдары, ана мен бала бөлмесі халық үшін өте ыңғайлы екенін атап өтті.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы
Фото: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы

– Халыққа қызмет көрсету орталығындағы қызмет көрсету сапасы бізге ұнады. Құжат беруден бастап, әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге дейін бәрі жоғары деңгейде. Қазіргі заманғы технологияны барынша қолдану әр тұрғынның уақытын үнемдеу деп білеміз. Алдағы уақытта жемісті әріптестік орнатамыз деп ойлаймын және сіздерді Бакуде күтеміз, – деді өз сөзінде Әзербайжан делегациясының өкілі, IT бағыты бойынша DOST агенттігі басқарма төрағасының кеңесшісі Назиля Гашим Заде.

Көршілес мемлекеттен келген делегаттар, қызмет көрсетудегі жаңашылдықтар мен инновациялық жобалардың көш ілгері екенін жетікізді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы
Фото: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы

– Біз қызмет алу әр тұрғын үшін сапалы әрі жылдам етуді мақсат етіп отырмыз. Мемлекеттік корпорация цифрлық жүйеге өту арқылы әр кезеңде мемлекеттік қызмет көрсетуді оңтайландырып, кедергісіз алуды көздейді. Бұл өз кезегінде халыққа жылдам әрі сапалы қызмет көрсету деген сөз, – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы басқарма төрағасының орынбасары Айбат Ілиясов.

Еске салайық, Алматыда Digital Almaty-2025 цифрлық форумы өтіп жатыр. Оған 40 мыңнан аса адам қатысуда.

 

Соңғы жаңалықтар