Әзербайжан мен Өзбекстан мемлекетаралық құжат айналымы кешенін енгізуді қарастырып жатыр
АСТАНА. KAZINFORM – Әзербайжан мен Өзбекстан мемлекетаралық құжат айналымына арналған «EDO.IJRO.UZ» кешенін енгізуді қарастырып жатыр, деп хабарлайды Trend.az.
Trend мәліметінше, бұл құрал екі елдің мемлекеттік ведомстволары арасындағы құжат айналымын басқару үшін пайдаланылып, әкімшілік тапсырмалардың тиімділігі мен жеделділігін айтарлықтай арттырады.
Өзбекстанда IT-қызмет көрсету саласы белсенді дамып келеді және компаниялар саны 1600-ге дейін өсті. 2023 жылдың соңында Әзербайжандағы ақпарат және коммуникация кәсіпорындары 3,206 млрд манат сомасына (өсім 16,3 пайыз) қызмет көрсетті.
Kazinform агенттігі үшін арнайы Trend.az серіктес агенттігі ұсынған.