Әзербайжан министрі жансақтау бөліміне жатқызылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әзербайжанның Энергетика министрі Натиг Әлиев жүрек-қан тамырлары жүйесіндегі кінәратқа байланысты ауруханаға жатқызылды. Науқастың халі ауыр, деп хабарлайды vesti.az .
Президент әкімшілігінің хабарлауынша, министр мұнайшылардың орталық ауруханасына жатқызылған.
Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде. Оның жүрек-қан тамырларына стенд қойылған. Ары қарай емдеу үшін жергілікті және шетелдік дәрігерлер консилиум өткізуде.