16:37, 10 Мамыр 2017 | GMT +5
Әзербайжан мұнай өңдеу көлемін қысқартты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әзербайжан 2017 жылдың бірінші тоқсанында жеті миллион тонн жеңіл мұнай өңдеген, бұл 2016 жылдың қаңтар-наурыз айларымен салыстырғанда бір миллион тоннаға төмен, деп хабарлайды trend.az .
Әзербайжан 2016 жылы 31,1 миллион тонн Azeri Light мұнайын өндірген.
Айта кетейік, «Азери-Чираг-Гюнешли» кен орнын өңдеуге арналған келісімшатқа 1994 жылы қол қойылған. Кен орнындағы мұнай қоры шамамен бір миллиард тоннаны құрайды.