Әзербайжан мұнай өндіру көлемін арттыруды тоқтатты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әзербайжан 2016 жылы мұнай өндіру көлемін 2015 жылғы деңгейде ұстап тұру ниетінде. Бұл туралы жергілікті БАҚ-тарға берген сұхбатында Әзербайжан Меммұнайкомпаниясының президенті Ровнаг Абдуллаев айтты.

Әзербайжан мұнай өндіру көлемін арттыруды тоқтатты

Ол өндіру көлемін арттыру жөніндегі жобалардың қазірдің өзінде тоқтатылғандығын атап өтті.

«Мұнай өндіру Әзербайжанда өткен жылғы деңгейден өсірілмейді», - деді компания басшысы.

Әзербайжан Меммұнайкомпаниясы 2015 жылы 8, 16 млн тонна мұнай өндірген. Ал жалпы алғанда өткен жылы Азербайжанда жалпы 41,59 тонна мұнай өндірілді.

2015 жылы бұл ел тәулігіне 0,8 млн баррель мұнай өндірді.