Әзербайжан ОСК президент сайлауына 12 үміткерді тіркеді
ОСК Әзербайжан Республикасының қазіргі президенті Илхам Әлиевтің, «Біртұтас Әзербайжан» Халық фронты партиясының төрағасы Гудрат Гасангулиевтің, «Ұлттық жаңғыру қозғалысы» партиясының лидері Фарадж Гулиевтің, «Әзербайжан Социалды-демократиялық партиясының» басшысы Араз Әлизаданың, «Заманауи Мусават» партиясының басшысы Хафиз Гаджиевтің, «Либералды-демократиялық партияның» басшысы Фуад Әлиевтің, Майдангерлер бастамашыл тобының атынан Рази Нуруллаевтың, Адвокаттар алқасының мүшесі Анар Умудовтың, «Ақ партия» басшысы Турал Аббаслының, парламент депутаты Захид Орудждың, сондай-ақ өзін-өзі ұсынған Асиф Мамедов пен Эльшан Гасановтың кандидатураларын бекітті.
Еске сала кетейік, Әзербайжанда кезекті президент сайлауы 2018 жылғы 17 қазанда өтуі тиіс еді. Ағымдағы жылдың 5 ақпанында ел президенті И. Әлиев 2018 жылғы 11 сәуірде кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы өкімге қол қойды.
2016 жылдың күзінде ӘР Конституциясына енгізілген өзгерістерге сәйкес, ел президенті 7 жыл мерзімге сайланады.
«Жаңа Әзербайжан» билеуші партиясы 8 ақпанда өткен съезде И. Әлиевтің кандидатурасын бекіткен.