Әзербайжан ОСК-сы Ильхам Әлиевтің кандидатурасын тіркеді

Ильхам Алиев
Фото: trend.az

Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) Ильхам Гейдар Оглу Әлиевтің кандидатурасын «Ени Әзербайжан» партиясының атынан Президент лауазымына үміткер ретінде тіркеді, деп хабарлайды Kazinform.

АЗЕРТАДЖ агенттігінің хабарлауынша, мәселе 30 желтоқсан күні өтетін Орталық сайлау комиссиясының күн тәртібіне енгізілді.

Мәжіліс барысында Ильхам Алиевтің кандидатурасын ұсыну Орталық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 19 желтоқсандағы мәжіліс хаттамасымен бекітілген. Жұмыс тобы тиісті қаулы жобасына қол қойды.

Соңғы жаңалықтар