Әзербайжан парламенті елдің жаңа үкімет басшысын бекітті

БАКУ.ҚазАқпарат  - Бүгін Әзербайжан парламенті пленарлық отырыста елдің жаңа премьер-министрі ретінде президенттің сыртық саясат бойынша көмекшісі Новруз Мамедовтің кандидатурасын  мақұлдады, деп хабарлайды Әзербайжандағы «ҚазАқпарат» тілшісі.

 Әзербайжан парламенті елдің жаңа үкімет басшысын бекітті

Н.Мамедовтың кандидатурасын ел президенті Ильхам Әлиев ұсынған. Премьер-министрдің кандидатурасын мақұлдағаннан кейін мемлекет басшысы қалған үкімет мүшелерін тағайындайды.