Әзербайжан президенті үкіметтің жаңа құрамын бекітті

Әзербайжан президенті үкіметтің жаңа құрамын бекітті
Фото: Trend

БАКУ. KAZINFORM – Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев ел үкіметінің жаңа құрамын бекітті, деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ.

Әзербайжан Республикасының Президенті Әзербайжан Республикасы Министрлер Кабинетінің жаңа құрамы туралы қаулыға қол қойды.

-Әзербайжан Республикасы Конституциясының 109-бабының 5-тармағын басшылыққа ала отырып, қаулы етемін:

Әзербайжан Республикасы Министрлер Кабинетінің мүшелері болып келесі тұлғалар тағайындалсын:

-Әзербайжан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары – Ягуб Абдулла оглу Эйюбов;

-Әзербайжан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – Али Джавад оглу Ахмедов;

-Әзербайжан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – Шахин Абдулла оглу Мустафаев;

-Әзербайжан Республикасының Ішкі істер министрі – Вилаят Сулейман оглу Эйвазов;

-Әзербайжан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі – Мухтар Бахадур оглу Бабаев;

-Әзербайжан Республикасының Ғылым және білім министрі – Эмин Эльдар оглу Амруллаев;

-Әзербайжан Республикасының Энергетика министрі – Парвиз Октай оглу Шахбазов;

-Әзербайжан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі – Сахиль Рафиг оглу Бабаев;

-Әзербайжан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі – Мұхтар Бахадур оглу Бабаев;

-Әзербайжан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі – Кямаледдин Фаттах оглу Гейдаров;

-Әзербайжан Республикасының Жастар және спорт министрі – Фарид Фазиль оглу Гаибов;

-Әзербайжан Республикасының Сыртқы істер министрі – Джейхун Азиз оглу Байрамов;

-Әзербайжан Республикасының Экономика министрі – Микаил Чингиз оглу Джаббаров;

-Әзербайжан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі – Меджнун Гадир оглу Мамедов;

-Әзербайжан Республикасының Қаржы министрі – Самир Рауф оглу Шарифов;

-Әзербайжан Республикасының Мәдениет министрі – Адиль Габил оглу Керимли;

-Әзербайжан Республикасының Қорғаныс министрі – Закир Аскер оглу Гасанов;

-Әзербайжан Республикасының Қорғаныс өнеркәсібі министрі – Вугар Валех оглу Мустафаев;

-Әзербайжан Республикасының Цифрлық даму және көлік министрі – Рашад Наби оглу Набиев;

-Әзербайжан Республикасының Денсаулық сақтау министрі – Теймур Юсиф оглу Мусаев;

-Әзербайжан Республикасының Отбасы, әйелдер және балалар істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы – Бахар Авяз гызы Мурадова;

-Әзербайжан Республикасының Диаспорамен жұмыс жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы – Фуад Рауф оглу Мурадов;

-Әзербайжан Республикасы Мемлекеттік кеден комитетінің төрағасы - Шахин Солтан оглу Багиров;

-Әзербайжан Республикасы Мемлекеттік шекара қызметінің басшысы – Эльчин Исага оглу Гулиев;

-Әзербайжан Республикасы Мемлекеттік статистика комитетінің төрағасы – Таир Ягуб оглу Будагов;

-Әзербайжан Республикасы Мемлекеттік қала құрылысы және сәулет комитетінің төрағасы – Анар Адиль оглу Гулиев;

-Әзербайжан Республикасының Босқындар мен қоныс аударғандар істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы – Ровшан Шукюр оглу Рзаев;

-Әзербайжан Республикасы Мемлекеттік көші-қон қызметінің басшысы – Вюсал Афган оглу Гусейнов;

-Әзербайжан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің басшысы – Али Наги оглу Нагиев;

-Әзербайжан Республикасы Сыртқы барлау қызметінің басшысы – Орхан Седьяр оглу Султанов;

-Әзербайжан Республикасының Мобилизациялау және әскери қызметке шақыру жөніндегі мемлекеттік қызметінің басшысы – Мурсал Горхмаз оглу Ибрагимов;

-Әзербайжанның Мемлекеттік су ресурстары агенттігінің төрағасы – Заур Рауф оглу Микаилов;

-Әзербайжан Республикасы Мемлекеттік туризм агенттігінің төрағасы – Фуад Гумбат оглу Нагиев;

-Әзербайжан Республикасы Азық-түлік қауіпсіздігі агенттігінің төрағасы – Гошгар Илахи оглу Тахмазли;

-Әзербайжан Республикасы Ұлттық мұрағат басқармасының бастығы – Аскер Адиль оглу Расулов.

Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді, - делінген құжат мәтінінде.

Бұған дейін Милли Меджлис «Әзербайжан Республикасының премьер-министрі қызметіне Али Идаят оглу Асадовты тағайындауға келісім беру туралы» мәселені қараған болатын.

АЗЕРТАДЖ агенттігінің хабарлауынша, талқылаудан кейін мәселе дауысқа салынып, Милли Меджлис Али Асадовты Әзербайжан премьер-министрі етіп тағайындауға келісімін берді.

Соңғы жаңалықтар