Әзербайжан президенті елге көз мүшесін әкелуге рұқсат ететін жарлыққа қол қойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев жұма күні тиісті жарлыққа өзгерістер енгізе отырып, елге көздің мүйізгек қабығын әкелуге рұқсат берді. 
None
None

Trend News Agency  хабарлағандай, Ильхам Әлиев «Азаматтық айналымы шектеулі заттардың айналымын реттеу саласындағы қосымша шаралар туралы» 2005 жылдың 12 қыркүйегіндегі жарлыққа өзгерістер енгізу туралы жарлыққа қол қойды. 

Енгізілген өзгерістерге сәйкес, азаматтық айналымның белгілі бір қатысушыларына тиесілі болуы мүмкін заттардың айналымына арнайы рұқсат беретін атқарушы биліктің орталық органдарының тізіміне 18-інші бөлім қосылды.

18.

Көздің мүйізгек қабығы

Әзербайжан Республикасының денсаулық министрлігі

Осылайша, Әзербайжанға көздің мүйізгек қабығын алып кіруге ресми түрде рұқсат етілді.

 

Соңғы жаңалықтар