Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевті ұлықтау салтанаты өтті

БАКУ. 19 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Милли Меджлисте (парламент) Әзербайжан Президенті болып сайланған Ильхам Әлиевті ұлықтау салтанаты өтті.
None
None

Салтанатты рәсімге әзербайжан мемлекетінің ресми тұлғалары, үкімет мүшелері, парламент депутаттары, Президент отбасының мүшелері қатысты.

Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Әзербайжан Конституциясына қолын қойып, ант берді.

«Әзербайжан Республикасы Президентінің өкілеттігін жүзеге асыра отырып, мемлекеттің тәуелсіздігін және аумақтық тұтастығын қорғауға, халыққа адал қызмет етуге ант беремін!» - деді Ильхам Әлиев.

Әзербайжан Президенті ұлаықтауда ұзақ сөз сөйледі.

Әзербайжанның Мемлекеттік туы және Әзербайжан Президентінің штандарты сахнадан әкетілді.

Осымен ұлықтау салтанаты аяқталды.

Соңғы жаңалықтар