Әзербайжан шахматшылары Олимпиадада тағы да жеңіске жетті
БАКУ. ҚазАқпарат - Батумиде өткен 43-інші Дүниежүзілік шахмат олимпиадасының 6-турында Әзербайжан ерлер командасы Чехия құрамасынан басым түсті, деп хабарлайды Trend.
Кездесу 3:1 есебімен әзербайжандықтардың жеңісімен аяқталды.
VI турда ұпай санын 12-ге жеткізген Әзербайжан құрамасы турнир кестесінде көш бастап келеді.