Әзербайжан тұрғындарының 30 проценті темекі тартады

БАКУ. ҚазАқпарат - Әзербайжанда халықтың 15 жастан жоғары 33,1 проценті шылым шегеді. Бұл туралы ҚазАқпарат Trend-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Әзербайжан тұрғындарының 30 проценті темекі тартады

2017 жылғы зерттеуге сәйкес, мұндай көрсеткіштер толықтай ер адамдарға қатысты (темекі шегетін әйелдердің аз болуына байланысты олардың саны көрсетілмеген).

Темекі тартатындардың 0,1 проценті - 15-19 жас аралығында, 26,4 проценті - 20-44 жас, 50 проценті - 45-64 жас аралығында, 36 проценті -  65 жастан жоғары. Сондай-ақ, темекі шегетін әйелдер орта есеппен күніне 3 темекі, ерлер - 15,2 темекі тартады.