Әзербайжан түркі мұраларының сақталуына ден қояды - Ризван Гусейнов

«Мен ЮНЕСКО-ның Кавказ бойынша профессоры ретінде, мұндай айтулы жобаларға қолдау білдіретінімді айтқым келеді. Себебі, дәл осы ЮНЕСКО-ның арқасында әлемдік бірлестіктердің назарын сәулет ескерткіштеріне аудару мүмкін болып отыр», - дейді сарапшы.
Ғалым өз пікірінде Әзербайжанның түркі мұраларының сақталуына ден қоятынын жеткізді. Қазақстанның «Рухани жаңғыру» бағдарламасын Парижде таныстырылуы туысқан ел үшін де үлкен қуаныш болып отыр.
«Қазақстанның идеясы қасиетті мұраларды, мәдени ескерткіштерді сақтап, халықтың руханиятын өркендетуге бағытталып отырғандықтан, бұл қадамға зор қолдау білдірген абзал. Мұндай жобалардың өзіндік бірегейлігі бар. Әзербайжан тарапы аталған саладағы барлық жобаларға ЮНЕСКО позициясы тарапынан қолдау білдіруге әзір», - дейді ол.