Әзербайжанда 11 банк жойылады
БАКУ. ҚазАқпарат - Әзербайжанда 11 банк лицензиясынан айырылуы мүмкін, деп хабарлады «ҚазАқпараттың» Әзербайжандағы тілшісі.
Әзербайжан Орталық банкінің (ӘОБ) есебіне сәйкес, 2015 жылдың қорытындылары бойынша, жойылу процесінде лицензиялары 2008 жылы шақыртылған «Poctbank» пен «Atlantbank», «Debutbank» (2010 жыл), «Birlik Bank» (2011 жыл), «Royal Bank» (2012 жыл), «Evrobank» пен «Azerbaijan Credit Bank» (лицензиялары 2015 жылы жойылған) тұр.
Бұдан басқа, 2016 жылдың басынан бері ӘОБ тағы 7 банктің («Bank of Azerbaijan», «Gandja Bank», «United Credit Bank», «NBCBank», «Atra Bank», «Кавказ даму банкі» және «Texnika Bank») лицензияларын алып қойған.
Алайда, кейінірек Орталық банк NBC Bank-тің бірігу бойынша жоспарларына байланысты лицензиясын қалпына келтірді. Осыған ұқсас жоспарлар сондай-ақ, Кавказ даму банкі мен Atra Bank-те бар, қазіргі кезде олар нарықта қызмет етіп отырған банктермен келіссөздер жүргізіп жатыр.
Әзербайжанның банк нарығында барлығы 36 банк қызмет атқарады, соның ішінде екі банк - Әзербайжанның Халықаралық банкі мен AzerTurk Bank мемлекеттің қатысуымен жұмыс істейді.
2015 жылы елде 750 филиалы және 164 бөлімшесі бар 41 банк жұмыс істеген. Өткен жылдың қорытындылары бойынша 21 банк шетелдік капиталдың қатысуымен жұмыс істеген. Сонымен қатар, 2015 жылы елдің сыртында жергілікті банктардың 9 құрылымы, соның ішінде 5 еншілес құрылым (Каваказ даму банкінің Грузияда, Әзербайжан халықаралық банкінің Грузия мен Ресейде, PASHA Bank-тің Грузия мен Түркияда) қызмет атқарған.