Әзербайжанда 18 мамырдан «Спутник V» вакцинасы салына бастайды

БАКУ. ҚазАқпарат – 18 мамырдан бастап Әзербайжан азаматтары коронавирусқа қарсы ресейлік «Спутник V» вакцинасын салдыра алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат елдің денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Әзербайжанда 18 мамырдан «Спутник V» вакцинасы салына бастайды

Жалпы, елге бірінші кезеңде 2 млн астам вакцина жеткізілді: 40 мың «Спутник V» дозасы, 84 мың AstraZeneca дозасы және 1 млн 713 мың CoronaVac дозасы.

Бүгінгі таңда Әзербайжанда халықтың шамамен 7,5% вакцина алды. 18 қаңтардан бастап елде вакцинаның 1 795 049 дозасы қолданылды: біріншісін 1 032 054 адам алса, екеуін де алғандар саны – 766 689.

Жалпы, халықты вакциналау аясында Әзербайжандағы эпидемиологиялық жағдай соңғы күндері оң динамиканы көрсетуде. Соңғы тәулікте COVID-19 жұқтырудың 426 жаңа жағдайы анықталды, ал өткен жылдың желтоқсан айында бұдан 10 есе көп жағдай тіркелген болатын.


Серікбол Қошмағамбетов