Әзербайжанда әлеуметтік желіде ТЖМ қатысты кадрларды таратқан полковник қамауға алынды

БАКУ. ҚазАқпарат - Әзербайжанда әлеуметтік желіде Төтенше жағдайлар министрлігіне қатысты кадрларды таратқан полковник қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Тrend.az сайтына сілтеме жасап.
None
None

Бас прокуратураның баспасөз қызметі жұма күні тергеу басқармасында қозғалған қылмыстық іс бойынша Заур Мирзоев Қылмыстық кодекстің тиісті баптары бойынша айыпталушы ретінде тартылғанын мәлімдеді. Әзірбайжанның Бас прокуратурасы Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлеріне қатысты бірқатар БАҚ пен әлеуметтік желілерде тараған фото және бейнежазбаларға қатысты тергеу жүргізіп жатқан.

Осылайша, Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік өртке қарсы қызметі бастығының көмекшісі ішкі қызмет полковнигі Заур Мирзоев арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы қызметтік компьютеріне бейне және суретке түсіру үшін жасырын камера орнатқаны анықталды. Ол өз құзыретінің шегінен шығатын әрекеттерімен азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, сондай-ақ министрліктің іскерлік беделіне ауыр зиян келтірген.

Заур Мирзоев 17 тамызда күдікті ретінде ұсталды.


Соңғы жаңалықтар