Әзербайжанда Баку-Грозный рейсі жолаушыларының туыстары үшін сенім телефоны іске қосылды
АСТАНА. KAZINFORM – Әзербайжанда бүгін Қазақстанның Ақтау қаласы маңында апатқа ұшыраған Баку-Грозный Аzal рейсі жолаушыларының отбасы мүшелері үшін жедел желі құрылды, деп хабарлайды Kazinfrom агенттігі Azertag.az агенттігіне сілтеме жасап.

Авиакомпанияның хабарлауынша, жолаушылардың отбасы мүшелері мына телефон арқылы қоңырау шала алады (+994) 12 5048280, (+994) 12 5048202, (+994) 12 5048203.
Еске сала кетсек, Баку- Грозный J2-8243 нөмірлі рейсін орындаған Embraer 190 ұшағы Ақтау қаласынан 3 шақырым жерде апатты жағдайда қонды.
Оқиға орнына ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі жеке құрамының 52 адамы мен 11 бірлік техникасы барды.
Апатқа ұшыраған ұшақ бортында Қазақстанның 6 азаматы болды.
ҚР Көлік министрлігі мәлім еткендей, Әзербайжан тарапының алдын ала ақпараты бойынша, бортта 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған.
ҚР Президентінің тапсырмасымен Мемлекеттік комиссия құрылды.