Әзербайжанда банктер бірігуі мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қайта ұйымдастыруға байланысты Әзербайжанда Caspian Development Bank таратылып, Atabank-ке қосылады, деп хабарлайды trend.az .

Әзербайжанда банктер бірігуі мүмкін

Әзербайжан банктер қауымдастығының төрағасы Закир Нуриев Әзербайжандағы банктердің бірігуінің әлі де жалғасуы мүмкін деп санайды.

«Біз банктер тарапынан жасалған мұндай қадамдарды (бірігуді) құптаймыз. Қазіргі уақытта экономиканың мұнайдан кейінгі кезеңге өтуі мен банктік және қаржылық секторлардың қайта құрылуы аясында нарықта анағұрлым тиімдірек банктердің пайда болуы өте маңызды. Осы орайда, банктердің бірігуі маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Жақында екі банк бірігу туралы шешім қабылдады және біз мұны өзге банктер үшін үлгі болады деп санаймыз, алдағы уақытта банк секторындағы шоғырландыруларға куә болуымыз мүмкін», - деді Закир Нуриев.

Caspian Development Bank пен Atabank активтерін бағалау үшін бастапқы уағдаластық орнатылған PWC халықаралық консалтингтік компаниясы шақырылды. Сол мезетте мемлекеттік тіркеуге дейін екі банк барлық контрагенттермен жеке жасалған азаматтық-құқықтық келісімшарттар бойынша өз міндеттерін атқаратын болады.

Айта кетерлігі, Әзербайжанда 32 банк бар.