Әзербайжанда ерекше карантиндік режим ұзартылды

АСТАНА. KAZINFORM — Әзербайжан аумағында ерекше карантиндік режимнің мерзімі ұзартылғаны белгілі болды.

Әзербайжан
Фото: pixabay.com

АЗЕРТАДЖ агенттігінің хабарлауынша, тиісті қаулыға Әзербайжанның Премьер-министрі Әли Асадов қол қойды.

Құжатқа сәйкес, елде коронавирус инфекциясының (COVID-19) таралуын және оның ықтимал салдарын болдырмау мақсатында Әзербайжан Республикасының аумағында енгізілген ерекше карантиндік режим 2026 жылғы 1 қазан сағат 06:00-ге дейін ұзартылды.

Бұдан бұрын Әзербайжанда заңсыз құмар ойын бизнесіне жауапкершілікті күшейту жоспарланып отырғанын жазған болатынбыз.