Әзербайжанда ипотекалық несиелерді шетелдік валютамен беруге тыйым салынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әзербайжанда ипотекалық несиелерді шетелдік валютамен беруге тыйым салынды, деп жазады Тренд.

Әзербайжанда ипотекалық несиелерді шетелдік валютамен беруге тыйым салынды

Табысы шетел валютасымен белгіленген және шетел валютасында салымдары бар азаматтардан басқаларға валюталық тұтынушылық несиелерді беру тоқтатылды. Бұл шектеу бір айға енгізілді, одан кейін елдегі валюталық ипотека тағдыры туралы соңғы шешім шығарылады.

Бұдан басқа, валюталық несиелердің құрылымын қайта қарау қалпына келтірілді.

Бұған дейін Әзербайжан ОБ-ның шешімімен ұлттық валюта - манаттың құбылмалы бағамы енгізілген, бұдан кейін ол долларға қатынасы бойынша 50 пайызға арзандап қалды.