Әзербайжанда ірі газ кеніші ашылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Total француз компаниясы мен Әзербайжанның SOCAR мемлекеттік компаниясы Каспий теңізінде «Абшерон» ірі газ конденсаттық кен орнын іске қосу жобасы аясында біріккен кәсіпорын құрады, деп хабарлайды trend.az.
None
None

«Әзербайжанда алғаш рет SOCAR компаниясымен бірлесіп, JOCAP («Абшерон» кен орнын іске қосу бойынша біріккен операциялық компаниясы) атты кәсіпорын құрамыз. Total (жобаның техникалық операторы) мен  SOCAR-дың әрқайсысы біріккен кәсіпорынның 50-проценттік үлестік қатысын иемденеді», - деді Total компаниясының Еуропа және Каспий аймағы жөніндегі вице-президенті Бернар Клемент Бакуде өткен Caspian Oil & Gas XXIV халықаралық конференциясында.

Клементтің айтуынша, компания 2017 жылы толығымен өз жұмысын бастайды.

Бұдан бұрын SOCAR және Total компаниялары «Абшерон» кен орнын іске қосу бойынша бірінші кезең бағдарламасын реттейтін негізгі келісімшарттар мен коммерциялық қағидалар туралы шекті келісімге қол қойған болатын. Бұл кен орнынан алғашқы газды 2019 жылы алу жоспарланып отыр.

SOCAR геологтарының бағасы бойынша, «Абшерон» кен орнының қоры 350 миллиард текше метр газ бен 45 миллион тонна конденсатты құрайды.

«Абшерон» жобасына қатысатын компаниялар - SOCAR мемлекеттік компаниясы акцияның 40 процентіне иелік етеді, жобаның техникалық операторы Total француздық компаниясына 40 проценті тиесілі және 20 проценті Engie еншісінде.

Соңғы жаңалықтар