Әзербайжанда карантиндік режим ұзартылды

АСТАНА. KAZINFORM – Әзербайжан Республикасының Премьер-Министрі Әли Асадов тиісті қаулыға қол қойды. 

Әзербайжанда карантиндік режим ұзартылды
Фото: Анадолы

Құжатқа сәйкес, ел аумағындағы ерекше карантиндік режимнің мерзімі 2026 жылғы 1 қаңтар, сағат 06:00-ге дейін ұзартылды.

Атап өтілгендей, бұл шешім «ел аумағында коронавирус (COVID-19) инфекциясының таралуының және оның туындатуы мүмкін салдарының алдын алу мақсатында» қабылданған. 

Айта кетелік Түркияда аусылдың таралуына байланысты Ылғындағы мал базары жабылып, карантин енгізілген еді

 

 

Соңғы жаңалықтар