Әзербайжанда коронавирус жұқтырғандардың саны артып барады

БАКУ. ҚазАқпарат – Ел Үкіметінің жанындағы Жедел штаб таратқан мәліметтерге сәйкес, соңғы тәулікте Әзербайжанда COVID-19 вирусын 233 адам жұқтырған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» агенттігінің меншікті тілшісі.

Әзербайжанда коронавирус жұқтырғандардың саны артып барады

Коронавирус жұқтырғандардан бөлек, бір тәулікте 106 адам ерекше режимдегі ауруханалардан жазылып шыққан. Сонымен қатар осы аралықта індетке шалдыққан 3 адам көз жұмған.

Осылайша бүгінгі таңда Әзербайжанда коронавирус жұқтырған азаматтардың жалпы саны 41752 адамға жетті. Олардың 39235-ы жазылып шықса, 608-і қайтыс болған. 1909 адам арнайы медициналық ұйымдарда емін жалғастыруда.

Індет басталғалы бері Әзербайжанда коронавирус инфекциясын анықтау үшін 1 млн 169 мың 656 тест жүргізілген. Соңғыі аптада елде COVID-19 жұқтыру жағдайлары артып бара жатқаны байқалады.

Авторы: Бекбау Тайманов