Әзербайжанда ҚР Президентінің сайлауына келген азаматтардың саны 90 пайыздан асты
БАКУ. ҚазАқпарат - Әзербайжанда азаматтардың 26 сәуір күні ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына қатысуы 90 пайыздан асты.
№ 212 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы, Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы Елшілігінің кеңесшісі Мақсат Нұрмағамбетовтың айтуынша, кандидат Тұрғын Сыздықов 0,38 пайыз дауыс жинаса, Нұрсұлтан Назарбаев үшін 99,24 пайыз, Әбілғазы Құсайынов үшін - 0,38 пайыз дауыс берілген.