Әзербайжанда магнитудасы 3,6 болатын жер сілкінісі тіркелді
АСТАНА. KAZINFORM — Әзербайжанның Лерик ауданында 1 тамыз күні кешке магнитудасы 3,6 болатын жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері жергілікті тұрғындарға сезілген. Бұл туралы АЗЕРТАДЖ хабарлады.
1 тамыз күні сағат 19:24-те Лерик ауданында, Лерик станциясынан шығысқа қарай 22 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді.
Бұл туралы АЗЕРТАДЖ агенттігіне Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығының жер сілкіністерін зерттеу бюросы мәлімдеді.
Жер сілкінісінің магнитудасы 3,6 болды. Ошақ тереңдігі 24 шақырым болған.
Жерасты дүмпулері сезілген.
Еске салайық, бұған дейін Канада жағалауында магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі тіркелгенін хабарлаған едік.
Ал Италияның оңтүстігінде магнитудасы 4,7 болған күшті жер сілкінісі салдарынан 26 адам зардап шегіп, жүздеген тұрғын эвакуацияланды.