Әзербайжанда оқ-дәрілер қоймасындағы өрт ауыздықталып, адамдар үйлеріне оралды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әзербайжан Қорғаныс министрлігінің оқ-дәрілер қоймасында тұтанған өрттің салдарын жоюға ел Президенті Ильхам Әлиевтің тапсырмасына сәйкес жұмылдырылған құрылымдардың кешенді шұғыл шараларының нәтижесінде, сағат 17.00-ге қарай өрттің өршуі ауыздықталып, үлкен аумақтағы жарылыстарға жол берілмеді. Бұл туралы Әзербайжанның қорғаныс және төтенше жағдайлар министрліктерінің және бас прокуратураның бірлескен мәлімдемесінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат trend.az сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта жұмылдырылған инженерлік-саперлік бөлімшелер, сондай-ақ өрт қызметінің адамдары мен техникалық күштері, Әзірбайжан аумағын Минасыздандыру жөніндегі ұлттық агенттіктің азаматтық қорғаныс әскері жарылыс салдарынан жан-жаққа ұшқан сынықтар мен жарылмай қалған оқ-дәрілерді іздеп-табу бойынша тиісті іс-шараларды жалғастыруда.

Онымен бір мезгілде,  оқиға салдарынан жеңіл дене жарақаттарын алған әскери қызметшілер болып табылмайтын 5 адам  Шыңжаң аймақтық емдеу-диагностикалық орталығына жеткізілді. Олар алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне қайтарылды.  Тағы бір адам ауруханада дәрігерлердің бақылауында жатыр. Оның денсаулық жағдайы тұрақты, өміріне еш қауіп жоқ. Төтенше жағдайдан ауыр жарақат алғандар мен қаза болғандар жоқ.

Одан бөлек, Баку-Губа тасжолында қозғалыс қалпына келтірілді.

Қауіпсіз жерге көшірілген жақын маңдағы ауылдардың тұрғындары үйлеріне оралды. 

Соңғы жаңалықтар
telegram