Әзербайжанда өтетін III ТМД ойындарының бойтұмары көрсетілді

АСТАНА. KAZINFORM — Бойтұмарлар III ТМД ойындарына арналған алғашқы баспасөз конференциясында көпшілікке таныстырылды, деп жазады АЗЕРТАДЖ.

ТМД ойындарының талисманы
Фото: АЗЕРТАДЖ

Ойындардың символдары – жігерлі әрі жылы шырайлы қабыландар – Бебир және Лейла. Кавказ қабыланына ұқсатып жасалған бойтұмарлар Әзербайжанның бай табиғатын, күші мен қонақжайлылығын бейнелейді.

Кавказ қабыланы ежелден бері Әзербайжанның көркем жерлерін мекендеген. Бұл сирек кездесетін жануар Кавказда жойылу қаупі бар 5 фауна түрін қорғауды қамтитын «Үлкен бестік» бағдарламасына, Әзербайжан Республикасының Қызыл кітабына және Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл тізімінің «Жойылу қаупі бар түрлер» санатына енгізілген.

Естеріңізге сала кетейік, III ТМД ойындары 23 спорт түрін қамтиды. Жарыстар 28 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Гянджа, Мингячевир, Габала, Шеки, Гёйгёль, Евлах және Ханкенди қалаларында өтеді.

Осыған дейін астаналық әжелер ансамблі Әзербайжандағы байқауда бірінші орын алғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар