Әзербайжанда парламент сайлауы алдындағы «тыныштық күні» жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әзербайжанда елде жексенбі, 1 қарашада өтетін парламент сайлауы алдында «тыныштық күні» жарияланды, деп хабарлайды РИА Новости.
None
None

Әзербайжан парламенті - Милли Меджлис 125 депутаттан құралған бір палаталы заңнама органы болып табылады. Олар мажоритарлық жүйемен сайланады: ел аумағы 125 бірмандаттық округке бөлінген, олардың атынан шығу құқығы үшін бірнеше кандидат күреседі. ОСК мәліметтерінше, парламенттегі 125 орынға 769 кандидат тіркелген, яғни орташа есепен алғанда бір депутаттық мандатқа алты үміткерден таласқа түсуде. Кадидаттардың жартысына жуығы - партиялардың атынан шыққандар. Сайлауға 15 партия, сондай-ақ құрамына жеті партия кіретін «Азадлыг-2015» («Еркіндік») блогы қатысуда. «Тыныштық күні» ресми түрде жергілікті уақыт бойынша сағат 08:00-де - жексенбі күні өтетін дауыс беруге дейін 24 сағат қалғанда басталды. Бұл сәттен бастап кез келген сайлауалды үгіт-насихатқа тыйым салынған. Жексенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 08:00-де елде 5,5 мыңнан астам сайлау учаскесі ашылып, сағат 19:00-де жабылады. ОСК сайтының мәліметтерінше, тіркелген сайлаушылардың саны 5,1 миллионға жуық адамды құрайды. Елдің ОСК 63 мыңнан астам жергілікті байқаушы мен 490 халықаралық байқаушыны тіркеді - өз миссиялары ретінде 40-тан астам халықаралық ұйым делегат жіберді.

Соңғы жаңалықтар