Әзербайжанда Парламенттік сайлау халықаралық стандарттарға сәйкес өтті - ТүркПА

БАКУ. ҚазАқпарат - ТүркПА миссиясы Әзербайжанда өткен парламенттік сайлау барысында ешқандай бұзушылық анықтамады.

Әзербайжанда Парламенттік сайлау халықаралық стандарттарға сәйкес өтті - ТүркПА

Бұл туралы бүгін баспасөз конференциясында ТүркПА бақылаушы миссиясының өкілі, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Серікжан Қанаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, парламенттік сайлау жергілікті заңнамаға және халықаралық стандарттарға сәйкес өтті.

«Халықаралық бақылаушылардың жұмыс істеуі үшін барлық қажетті жағдайлар жасалды. Азаматтардың дауыс беру жүйесі қалыпты деңгейде өтті. Сайлауға дайындық үдерісі жоғары деңгейде ұйымдастырылды», - деді С. Қанаев.

Еске салсақ, Әзербайжанда парламенттік сайлауда, алдын ала деректер бойынша, 55,7 пайыз адам (2897188 сайлаушы) дауыс берді. Дауыстың басым бөлігін «Ени Азербайджан» басқарушы компаниясы иеленді.