Әзербайжанда президенттік сайлау өтіп жатыр

БАКУ. ҚазАқпарат - Әзербайжан Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, сайлаушылардың 18,71пайызы, яғни 994 196 адам, кезектен тыс президенттік сайлауда жергілікті уақыт бойынша сағат 10-да (Астана уақыты бойынша сағат 12.00) дауыс берді. Бұл туралы Әзербайжандағы  ҚазАқпараттың меншікті тілшісі хабарлайды.

Әзербайжанда президенттік сайлау өтіп жатыр

Естеріңізге сала кетейік, 11 сәуірде Әзербайжан халқы ел президентін сайлайды. Дауыс беру 125 сайлау округіндегі 5 426 учаскеде өтіп жатыр. Үміткерлер қатарында 8 адам бар. Олар: «Ени Әзербайжан» басқарушы партиясы атынан Ильхам Әлиев, Бірыңғай халықтың майдан атынан Гудрата Гасангулиева, социал-демократтар атынан Араз Ализаде, «Ұлттық жаңару қозғалысы» партиясынан  Фарадж Гулиев, майданшылардың бастамашыл тобынан Раззи Нуруллаев, «Заманауи Мусауат» атынан Хафиз Гаджиев, өзін өзі ұсынған Захид Орудж және елдегі демократиялық партияның атынан Сардар Мамедов.

2016 жылы референдумда елдегі Конституцияға енгізілген түзетулерге сәйкес президенттік сайлау әрбір жеті жыл сайын өткізіледі.

Сайлауды 900-ге жуық халықаралық бақылаушы қадағалауда. Олардың 61-і халықаралық ұйымдардан, 59-ы Әзербайжан азаматтары, бұған қоса 58175 жергілікті бақылаушы бар.



Фото: trend.az