Азербайжанда студенттер мінген автобус құзға құлады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Азербайжанның солтүстігінде автобус шыңырауға құлап, екі адам қаза тапты, 21-і жараланды, деп хабарлайды РИА Новости АПА агенттігіне сілтеме жасап.
None
None

«Осы минуттарда Азербайжанның солтүстігіндегі Хызын ауданында ауыр жол-көлік апаты орын алды. Студенттер мінген Hyundai автобусының жүргізушісі көлік руліне ие бола алмаған. Салдарынан автобус құзға құлап кетті. Апаттан екі адам ажал құшты, 21 адам жараланды. Жараланғандар ауруханаға жатқызылды. Жол-көлік апатының неден болғаны белгісіз»,-деп хабарлады агенттік

Соңғы жаңалықтар