Әзербайжанда таратылған екі банктің мүлкі бәссаудаға қойылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Таратылған банктердің мүліктерін сату бойынша бірінші бәссауда Әзербайжанда 10 шілдеде өтеді, деп хабарлады Trend  Әзербайжанның салымшыларды сақтандыру қорына сілтеме жасап.

Бірінші аукцион аясында сатуға екі ғимарат, екі броньдалған Atrabank инкассаторы, сондай-ақ жиһаздар мен Royalbank жабдықтары қойылады.

Екі банктің де лицензиясын 2016 жылы олардың жиынтық капиталы реттеуіштің минималды  (50 млн манат) талабына сәйкес келмегендіктен, кредиторлар алдында міндеттемелерді орындамағандықтан алып қойған.

Әзербайжан салымшыларды сақтандыру қоры жұмысқа 2007 жылғы 13 тамызда кіріскен. Сақтандыру салымы бойынша проценттік ставканың жоғары бағасы үш пайызды құрайды. Ұлттық валютада сақтандыру салымы бойынша жылдық проценттік ставканың максималды деңгейі 15 пайыздан аспауы тиіс.

Соңғы жаңалықтар