Әзербайжанда зейнетке шығу жасы ұзартылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әзербайжан президенті Ильхам Алиев «Еңбек зейнетақылары туралы» заңға өзгерістер енгізу туралы туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды trend.az.
None
None

Өзгерістер «еңбек зейнетақысының негізгі бөлігі» және зейнетақы тағайындауға қажетті 12 жылдық еңбек өтілі түсініктерін жоюды қарастырады. «Еңбек зейнетақысының негізгі бөлігі» орнына заңға «Ең төмен зейнетақы» түсінігі енгізіледі. Сондай-ақ, зейнетақы жасын ерлер үшін 63-тен 65 жасқа, әйелдер үшін 60-тан 65-жасқа дейін біртіндеп көтеру көзделген. Ерлердің зейнетақы жасы 2021 жылға дейін, әйелдер жасы - 2027 жылға дейін жыл сайын алты айға ұзарып отырады. Өзгерістерге сәйкес, полиция мен әскери қызметшілерді қоспағанда, барлық кәсіп иелері үшін зейнетке шығуға қажетті жұмыс өтілі көтеріледі. Заңға енгізілген өзгертулерде мемлекеттік қызметшілер өтілін 15-тен 20 күнтізбелік жылға дейін, прокурорлар үшін - 25-тен 35 жылға дейін көтеру туралы жазылған. Сәйкесінше, өзге кәсіп иелерінің жұмыс өтілі бес жылға көтеріледі. 

Соңғы жаңалықтар