Әзербайжанда жауған ірі бұршақ 130 үйді қиратты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әзербайжанда нөсер жауынның арты бұршаққа ұласып, Гаджикенд кентінің 130 үйі зақымданды, деп хабарлады Trend Гяндж атқарушы билігіне сілтеме жасап.

Әзербайжанда жауған ірі бұршақ 130 үйді қиратты

null
«Бұршақ кенттің инфрақұрылымына елеулі залал келтірді. 114 үйдің шатыры зақымданды, терезелері сынды, кей үйлерді су басты. Әлеуметтік нысандар, егіс алаңдарына, 15 көлікке зиян келтірілді. Ауа райы тосын мінезін кент аумағындағы «Гоша булаг» кешеніне  де көрсетті. Гянджи атқарушы билігінің басшысы  Эльмар Велиев кентке келіп, жедел шаралар қабылдауды қолға алды», - деп хабарлады атқарушы биліктен.

Сондай-ақ қазір төтенше жағдай бойынша комиссия келтірілген шығынды есептеуде, оның салдарын жою бойынша шаралар қабылдауда.

4 null 2