Әзербайжанда Жеңіс күні атап өтілуде
Басылым атап өткендей, Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары Әзербайжан халқы алдыңғы шепте де, тылда да ұлы ерлік, батырлық үлгісін көрсетті. Қысқа мерзімде республикада 87 жойғыш ұшқыштар батальоны, 1124 өзін-өзі қорғау жасағы құрылды. 1941-1945 жж. Әзербайжаннан 600 мыңнан астам ержүрек жігіттер мен қыздар майданға аттанды. Әзербайжандық дивизия Кавказдан Берлинге дейін даңқты жауынгерлік жолды жүріп өтті.
«130-ға жуық біздің отандасымыз Кеңес Одғының Батыры атағына лайық болса, 30-ы «Даңқ» орденімен марапатталды. Әзербайжаннан 170 мың сарбаз, офицерлер КСРО-ның түрлі медаль, ордендерін иеленді. Екі мәрте Кеңес Одағының батыры Ази Асланов, Кеңес Одағының Батырлары Исрафил Мамедов, Аслан Везиров, Адиль Гулиев, Зия Буниятов, Герай Асадов, Мелик Магеррамов, Мехди Гусейнзаделр, генералдар Махмуд Абилов, Аким Аббасов, Тарлан Алиярбеков, Гаджибала Зейналовтар және басқалары ерліктерімен еліміздің даңқты тарихының жаңа беттерін қалыптастырды», - деп жазды Trend.
Республикада экономиканы майданға қызмет етуге бұру мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілді. Майдан үшін жеңіл және тағам өнеркәсібі жұмыс істеді. Қысқа уақытта Баку соғыстағы әскер үшін ең мықты арсеналға айналды. Қиындықтарға қарамастан, біздің мұнайшылар ерлік пен өжеттілік танытып, майдан мен өнеркәсіпті жанар-жағар маймен қамтамасыз етті.