Әзербайжандағы сайлау: 1,5 мыңнан астам адам өз кандидатурасын ұсынды

АСТАНА. KAZINFORM — Әзербайжанда муниципалды сайлауға 1500-ден астам кандидат ұсынылды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) төрағасы Мазахир Панахов мәлім етті.

Муниципальные выборы в Азербайджане
Фото: Әзербайжан Орталық сайлау комиссиясы

— 118 округте өтетін сайлауға қатысуға үміткер саны 1531 адамға жетті, — деді Орталық сайлау комиссиясының басшысы.

Ұсыну процесі желтоқсанның соңына дейін жалғасатындықтан, бұл сан әлі де артуы мүмкін, деді ол.

Ол сондай-ақ сайлауда 685 муниципалды кеңестің 8 мыңнан астам мүшесі сайланатынын айтты.

Жиында 5 партияның уәкілетті өкілдері тіркелді. Олардың арасында Жаңа Әзербайжан, Әзербайжанның Ұлттық тәуелсіздік партиясы, «Беюк Гуртулуш», Демократиялық реформалар партиясы және «Умид» бар.

Сондай-ақ кейбір сайлау округтерінің округтік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізіліп, ағымдағы мәселелер қаралды.

Әзербайжанның Сайлау кодексіне сәйкес, сайлау құжаттарын тапсыру мерзімі 2025 жылдың 10 желтоқсанында басталып, осы айдың 30-на дейін жалғасады. Сайлау науқаны 6 қаңтарда басталып, келесі жылдың 28 қаңтарында аяқталады.

Әзербайжанда муниципалды сайлау әзірге 5 жыл сайын — 23 желтоқсанда өткізіліп келген. Соңғы рет 2019 жылдың желтоқсан айында болған. Биылғы сайлау Орталық сайлау комиссиясының шешімімен келесі жылдың басына ауыстырылды.

Бұған дейін ҚазАқпарат Әзербайжанда муниципалды сайлау 2025 жылдың 29 қаңтарында өтетінін жазған болатын.

Сондай-ақ, 1 қыркүйекте Әзербайжанда кезектен тыс парламент сайлауы өтіп, нәтижесінде Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев басқаратын «Жаңа Әзербайжан» билеуші ​​партиясы Милли Межлистегі 125 орынның 68-іне ие болғанын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар