Әзербайжандағы әскери бөлімшедегі жарылыс: қаза тапқандар бар

БАКУ. ҚазАқпарат - Сенбі күні таңертең Әзербайжандағы әскери бөлімшелердің бірінде оқыс оқиға болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Trend агенттігіне сілтеме жасап.

Әзербайжандағы әскери бөлімшедегі жарылыс: қаза тапқандар бар

Әзербайжан Қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, әскери қызметші танк снарядының зарядын қолынан түсіріп алып, жарылыс болған. Апат салдарынан екі әскери қызметші - прапорщик Агаларов Амиддин Шахмалы оғлы мен кіші сержант Салахов Самир Чингиз оңлы қаза тапты.

Сондай-ақ жарылыстан тағы бір прапорщик Мамедов Нұрлан Рагим оғлы жараланған.

Қазір оқыс оқиғаға қатысты егжей-тегжейлі тексеріс жүріп жатыр.