Әзербайжандағы Қазақстан Елшісі алғашқылардың бірі болып дауыс берді

БАКУ. ҚазАқпарат - Әзербайжандағы Қазақстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Исабаев еліміздің азаматтары арасында алғашқылардың бірі болып Бакуде кезектен тыс президенттік сайлауда дауыс берді.

 Әзербайжандағы Қазақстан Елшісі алғашқылардың бірі болып дауыс берді

ӘР-дағы ҚР Елшілігінде орналасқан №212 сайлау учаскесіне қазақстандық елші зайыбымен келіпті.

Еске сала кетейік, бүгін Бакуде, Әзербайжандағы Қазақстан Елшілігінде таңғы сағат 7.00-де № 212 сайлау учаскесі ашылды. Дауыс беру жергілікті уақытпен сағат 20.00-де аяқталады.