Әзербайжандық проблемалық банкке БЖЗҚ инвестициясы қалайша бағытталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Омархан Өксікбаев әзербайжандық проблемалық банкке БЖЗҚ инвестициясының бағытталуы мәселесіне туралы ақпаратқа түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Менің ойымша, осы қаржыны бөлген қордың менеджменті барлық тәуекелдерді ескермеді, осы орайда тереңірек зерттеп алған жөн болар еді. Есептеудің қандай параметрлері назарға алынғанын қазір айта алмаймын. Әрине, егер де олар қандай да бір сақтандыру мәселелерімен қамтылмаса, онда бұл қаржы жоғалды деп айтуға болады. Бұл өз кезегінде біздің қорымызға тікелей залал келтіреді», - деді депутат Үкімет сағатынан кейін тілшілер сауалына жауап беру барысында.
«Менің ойымша, бұл тұрғыда қордың менеджменті жауапты. Ұлттық банк жалпы қаржыны пайдалану саясатын айқындайды. Ал қайда және нені салу мәселесін менеджмент шешеді», - деді О. Өксікбаев.
Айта кетейік, белгілі сарапшы Рахым Ошақбаев БЖЗҚ-ның 71,3 млрд. теңге активі Әзербайжанның проблемалық Халықаралық банкі облигацияларына салынғаны туралы хабарлаған еді.