Қазақстандық туристер Әзербайжанға көп баратын болған
АСТАНА. Kazinform – Орталық Азия елдерінен Әзербайжанға барған туристер ішінде қазақстандықтар саны алғашқы орынға шыққан. Бұл туралы Kazinform-ның меншікті тілшісі хабарлайды.
Әзербайжан туризм мемлекеттік агенттігінің мәліметіне қарағанда, қазан айында Қазақстаннан Әзербайжанға барған туристер саны 8 134 адамды құрады. Бұл осы жылдың басынан бергі көрсеткіштен 42% жоғары.
Кавказ еліне барған елдердің алғашқы үштігіне Өзбекстан (3 727 адам) мен Түрікменстан (3 163 адам) елдері кірген.
Тек өткен айда Әзербайжанға Орталық Азия елдерінен 16,5 мыңнан аса турист келген. Сонымен қатар биылғы жылдың 10 айында аталған елден Әзербайжанға 150 мыңға жуық адам барған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 38% жоғары. Жалпы 2017-2023 жылдары аралығында Әзербайжанға ОА елдерінен 545 730 адам турист ретінде барған.
Жалпы мәдлімет бойынша Әзербайжанға биыл 2,2 млн шетелдік турист келген. Бұл 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 28% (1,72 млн адамға) көп.
Әзербайжанға барған қазақстандықтар сол елдің түристік мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануда. Әсіресе қазақстандықтарды тау халқының мәдениеті мен тарихы, дәстүрлі асханасы көбірек қызықтырған.